02.06.2015, 18:00

ОҚО-да 5 жасар қызды зорлаған педофил қамауға алынды

Interfax-Kazakhstan

Шымкентте 33 жастағы ер адам көршісінің 5 жасар қызын зорлады деген күдікпен қамалды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, болған жайды полицияға бүлдіршіннің анасы хабарлаған. Айтуынша, көршісі қызды үйге алдап кіргізіп, абыройын аяқ-асты еткен көрінеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Өзінің айтуына қарағанда, ол қылмыс жасаған кезде қатты мас болған" делінген хабарламада.