04.03.2018, 11:04

Алматыда базар өртенді

Алматыдағы «Жетісу-Семиречье» базарында ірі өрт болды.

Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Түркісіб ауданында «Жетісу-Семиречье» базарындағы контейнердің жанып жатқаны туралы хабар 13 сағат 15 минутта түскен.

«Оқиға орнына 13:25-те келген өрт сөндіруші-құтқарушылар бұл ақпаратты растады. Ішінде тұрмыстық заттар бар үш контейнер жанып жатқан. Өрт сағат сағат 13:39-да сөндірілді», – деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамның 30 адамы мен 5 техника жұмылдырылған.    

Дереккөз: ҚазАқпарат