Жаңалықтар 02.06.2015 сағат 18:00

Алматы - Қызылорда бағытындағы ұшақтың билет бағасы 10 500 теңге болмақ

Bek Air-дың Қызылорда-Алматы бағытындағы (ALA­-­KZO) алғашқы рейсі 30 маусым күні жүргізіледі. Бір жаққа бару бағасы 10 500, барып-қайту бағасы — 21 500 теңгені құрайды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Одан бөлек, әуекомпания маусымның ортасына қарай Астанаға ұшатын кешкі рейстер жүргізбек. Ол әрбір дүйсенбіде ұшатын болады. Билет құны — 10 497 теңге.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда аталған бағытта екі рейс жүреді: 7.00 және 10.45-те. Салыстыру үшін: Air Astana әуекомпаниясында ең арзан билет құны 13 702 теңге.

Осыған дейін Bek Air Алматы мен Астана қаласынан Павлодарға қатынайтын күнделікті рейсті шығарған болатын. Ол жердегі билет бағасы 10 497 теңге.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар