Мәжіліс депутаты әрі Ұлттық тұтынушылар лигасының (ҰТЛ) басшысы Светлана Романовская Түркияға демалуға кеткен 700 қазақстандық отбасын қонақүйлерден шығарып жатқанына қапаланып отыр, - деп хабарлайды Информбюро.
Депутаттың ойынша, бұзылған демалыс пен жұмсалған қаражат үшін мемлекеттік органдар мен туроператор жауапқа тартылуы тиіс. Ол ҰТЛ атынан ҚР Инвестициялар және даму министрілігіне қарсы талап арыз беруді жоспарлап отыр.
«Шынын айтатын болсақ, жарты жыл бұрын жақында маусым басталады деп айттық. Тұтынушыларды алдап-соғатын компаниялар болмауы үшін не істейсіздер? Ақырында — бәрі қалай болды солай қалды. Менің ойымша, министрді алып татау керек. Себебі, жылдан жылға қайталанып келе жатқан жағдай», — деп мәлімдеді С.Романовская ҚР Парламенті Мәжілісінің толық отырысының үзілісінде.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Инвестициялар және даму министрлігін сотқа беруді де жоспарлап отыр.
«Біз Ұлттық тұтынушылар лигасының атынан министрлікке талап арыз беретін шығармыз. Яғни бізге ресми түрде жүгінетін осы адамдарды күте тұрамыз. Қазір бұның бәрін қайда, қалай жасайтынымызды қарастырамыз. Менің ойымша, бұл немқұрайлылық, бұл осындай салдарға әкеліп соқтырған әрекетсіздік», — деп мәлімдеді депутат.
Сонымен қатар, турфирмалардың иелері де, шенеуніктер де жауапқа тартылуы үшін С.Романвская Үкіметке сауал жолдамақ. Ол өткен жылы да «Гүлнар Тур» туристік компаниясының банкрот болғаны үшін ешкім жауап бермегендігін айтты.