06.03.2018, 03:55

«Екіжүзділікке шыдай алмадым»: италиялық жігіт 36 священниктің гей екенін дәлелдеп берді

Италияда жезөкшелікпен айналысатын жігіт 1200 беттен тұратын құжаттар жинағын әзірлеп, оны Ватиканға жолдады. Онда католик шіркеулерінде жұмыс істейтін 36 священник пен 6 семинаристің гей екендіктері дәлелмен келтірілген. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Құжаттардың арасында священниктердің WhatsApp-мессенджері арқылы бір-бірлеріне жазған хабарламалары бар. Мұны Франческо Маниакапра есімді дігіт әзірлеген. Өзінің айтуынша, ол шіркеу қызметкерлерінің екіжүзділігінен әбден шаршапты.

Ватикан шіркеуінің өкілдері болса құжатта аты аталған священниктердің бірде-бірі қалада қызмет етпейтінін айтып отыр. Дегенмен, жуық арада олар құжатты БАҚ өз сайттарында жариялап, әріптестерін масқараламақшы. «Шалыс басқан қадамдары үшін өздері жауап берулері тиіс», — дейді Ватикандағы діндарлар.

Франческо Маниакапраның өзі болса гей деп айыпталған 36 священниктің бірде-бірі жасөспірімдермен төмсек қатынасына түспегенін айтып отыр. «Мен оларды қылмыс жасады деп айыптап отырғаным жоқ, олар күнәға батты, соны айтқым келген», — дейді.