03.06.2015, 18:00

Көкшетауда өрт болған қонақ үйден 50 адам шығарылды

Көкшетауда мейрамхана-қонақ үй кешенінде өрт шықты, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. 

«Көкшетауда «Ақ Желкен» мейрамхана-қонақ үй кешенінде 3 маусымда  кір жуатын орында өрт шықты. Соның салдарынан аумағы S= 1 м2 болатын кір жуатын машина зақымданды, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды»,- делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі, келген зақым көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге алты техника бірлігі және жеке құрамның 16 адамы жұмылдырылды.