Ресейлік режиссер Андрей Шальопаның «28 панфиловшы» көркем фильмі күзде ресейлік прокатқа шығады, деп мәлімдеді Федерация Кеңесінде сөйлеген сөзінде РФ мәдениет министрі Владимир Мединский деп хабарлайды РИА Новости.
""Күзде «28 панфиловшы» фильмінің премьерасы жоспарлануда. Оған көрермендердің өздері 33 млн. рубльден астам қаржы жинаған болатын. 2014 жылғы желтоқсанда РФ мәдениет министрлігі лента өндірісін қаржылай қолдауға ұйғарды. Сондай-ақ оны қаржыландыруға Қазақстан тарапы да қатысты", — деді министр. Панфиловшылар — генерал Панфиловтің қолбасшылығымен 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан Алматыда құрылған 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері. 28 жауынгер төрт сағат бойы жаумен ерлікпен шайқасып, фашистердің 18 танкін жойды. Олардың барлығына да Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.