04.06.2015, 18:00

Қытайда екінші «Титаник» жасалуда

on-the-screen.ru

Елдің Сычуань провинциясында «Титаник» корпусының көшірмесін тұрғызу жұмыстары толық қарқынмен жүруде. Оның құрылысына қытайлықтар $160 млн жұмсапты.

Егер бәрі ойдағыдай болса, «Титаник» 2017 жылғы қазан айында бортында қонақтар қабылдай алады. Мұнда 1 тәулік тұру құны шамамен 500 доллар болады, деп жазады cri.cn. 

Жаңа «Титаникте» түрлі банкеттер мен көңілді кештер өткізіліп, осыдан 100 жыл бұрынғыдай етіп әзірленген ас тартылады. Тамақтан соң бал-маскарадтар, бассейндегі кештер өткізіледі.

 

Тегтер: қытай