Кезінде әлемдегі ең сұлу әйелдердің көшін бастаған танымал америкалық актриса Анджелина Джоли өзінің қартайып бара жатқанын мойыындап, келбетінің өзгеріске ұшырауына байланысты еш көңілін түсірмейтінін жасырмады.
«Мен бет-әлпетімнің қартайып жатқанын әр күн сайын байқаймын. Және осы қалпым өзіме ұнайды. Өйткені кәрілік өмір сүріп жатқанымды, тірі екенімді білдіреді», -дейді Джоли InStayle басылымына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ, адамның түріне емес, ақылына, ойлау қабілетіне мән беретінін де айтты.
«Мені тек ерекше және бірегей адамдар ғана қызықтырады. Және өзгелердің сұлулық ұғымына ілесіп кете бермейтін адамдарды сұлу санаймын», - деп өз ойымен бөліті танымал актриса.