$ 498.34  519.72  4.85

Кемеровода қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны артуда. Соңғы деректер бойынша марқұмдардың саны 55 адамға жеткен деп жазады «Интерфакс» Тергеу комитетіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, үйінділердің астынан құтқарушылар 55-ші адамның мәйітін алып шыққан.

Із-түссіз жоғалғандар саны азаюда. Соңғы деректер бойынша олардың саны 10-нан асады. Қаланың ауруханасында ауыр халде жатқандар саны 12 адамды құрап отыр. Олардың бірі кішкентай бала. Тағы 36 адамды дәрігерлер үйлеріне қайтарған.

Еске салайық, сауда орталығындағы өрт кеше жергілікті уақытпен 14:00 шамасында басталған болатын. 4 қабатты ғимараттың соңғы қабатында тұтарнған жалын дереу күш алып, сауда орталығының іші көк түтінге оранған. Қайтыс болғандардың көбі кішкентай балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары