$ 441.66  475.14  4.86

МММ қаржы пирамидасының негізін қалаушы Сергей Мавроди қайтыс болды

Мәскеуде МММ қаржы пирамидасының негізін қалаушы Сергей Мавроди қайтыс болды деп жазады «Московский комсомолец».

Басылымның хабарлауынша, 26 наурызға қараған түні Мавродиді Поликарпов көшесіндегі аялдамалардың бірінен ауруханаға жедел жәрдем станциясы алып кеткен. Ол сол жерде тұрған адамдардың біріне жүрегінің ауырып жатқанын айтып, артынша құлап қалыпты. Әлгі адам дереу жедел жәрдемге хабар берген. Мавроди №67 қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Еске салайық, Сергей Мавроди «МММ» компаниясын 1992 жылы құрған болатын. Ол сол жылдардың өзінде-ақ үлкен танымалдылыққа ие болып, Ресейдегі ең ірі қаржы пирамидасына айналды. Оның мүшелеріне қаражат жаңа мүшелердің есебінен төленіп отырған. Ал, пирамидаға қосылушылардың қатары тоқтаған кезде мүшелерге ақша беру де тоқтап қалды. Сарапшылардың пікірінше, МММ әрекетінен 10-15 миллион адам зардарп шеккен.

2007 жылы Мавроди алаяқтығы үшін 4,5 жылға сотталып, жазасын түрмеде өтеп шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары