$ 491.7  531.28  5.07

Қытай телеарналарында енді қалжыңдауға орын жоқ

Қытай билігі әзілге толы роликтер мен көркем шығармаларға жасалған пародияларды көрсетуге тыйым салды. Бұл телеарналарға және блогерлерге де қатысты, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпараттық агенттігі.

Шенеуніктердің пікірінше, мұндай бағдараламалар ел билеушісі Си Цзиньпиннің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін және жалпы әлеуметтік ортаны бұзады. Сондықтан билік көркем шығармалар мен классикалық әдебиеттерді келемеждеп, бұрамалап беретін бейнероликтерді әзірлеуге, оларды баспасөзге жариялауға, радио, кино мен телеарналарда көрсетуге тосқауыл қойып отыр.

Бұл ережеге бағынбағандар телеарнадан алшақтатылады, ал қарсы болған блогерлердің парақшалары бұғатталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары