$ 488.45  529.19  5.04

Аман Төлеев кетсін: Кемерово халқы митингке шығып, губернатордың отставкасын талап етуде

"Зимняя вишня" ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, ондаған адам қаза тапқаннан кейін Кемерово тұрғындары алаңға шығып, митинг өткізіп жатыр. Халық губернатор Аман Төлеевтің отставкасын талап етуде.

"Кемерово қаласында митинг. Шамамен 4 мың адамдай әкімшілік ғимаратының маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етуде. Жиналған халықтың арасында өрттен қаза тапқандардың туыстары көп", - деп жазылған Mash Telegram-каналында.

"НГС.Новости" порталы болса митингтің Совет алаңында өтіп жатқанын жазды. Жиналған тұрғындар марқұм болғандарды аза тұтып, оқиғадан кейінгі ойларымен бөлісуде. Халық алдына қала мэрі Илья Сердюк шығып басу айтқан. Дегенмен, тұрғындар оның да қызметтен кетуін талап етіп, сөзін тыңдаудан бас тартыпты.

Айта кетейік, қазір Кемерово қаласына ел президенті Владимир Путиннің өзі келіп, жағдаймен танысып жатыр. Ол сауда орталығында болған өртке қызметкерлердің салғырттығы мен жауапсыздығы себеп болуы мүмкін екенін айтып, кінәлілер қатаң жазаланатынын ескертті.

Еске салайық, Кемерово қаласында 25 наурыз күні "Зимняя вишня" ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, 64 адам қайтыс болған еді. Олардың басым көпшілігі кішкентай балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары