$ 498.55  524.28  4.75

Кемероводағы өртенген сауда үйінің басшысы 2 айға қамалды

Кемерово соты Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығының басқарушысы, 64 адам қаза тапқан өрт ісі бойынша ұсталған Надежда Судденокты екі айға қамады деп жазады Азаттық.

Судденок орталықта шыққан өрттен адамдар қаза тапқанына кінәлі екенін мойындамайды. Ол сотта 25 наурызда кино залының тексерушілері өзіне өрт шыққан соң залдағы көрерменнің барлығы эвакуацияланғаны туралы хабарлағанын мәлімдеді. Судденов сонымен қатар залдардың есігі ешқашан бекітулі болмағанын, көрермендер залға еркін шығып, қайта кіріп жүргенін айтты.

Орталық күзетшісі Сергей Антюшин де екі айға қамалды. Ол бұған дейін өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген. Тергеушілердің долбарынша, күзетші өрт басталғанда дабыл белгісін қоспаған. Антюшин төттенше жағдайда дабыл қағатын жүйе бұрыннан жұмыс істемей тұрғанын айтады.

Өрт ісі бойынша барлығы бес адам ұсталды. Тергеу болжамына қарағанда, ғимаратта қауіпсіздік шаралары жасалмаған, ал күзетшілер адамдарды дұрыс эвакуациялай алмаған.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сауда орталығындағы өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған. Құрбандардың көпшілігі - балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары