$ 452.92  484.99  5.12

АҚШ тұрғыны әйелі мен қызын өлтіріп, мәйіттердің суретін Facebook-парақшасына жүктеген

Солтүстік Каролина штатының 55 жастағы тұрғыны Эльхаджи Диоп кішкентай қызы мен әйелін тұншықтырып өлтірген. Арада екі жыл өткенде ол мәйіттерді суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі өз парақшасына жүктепті.

Эльхаджидің осынау жантүршігерлік суреттерін бірінші болып қарындасы көріп қалған екен. Ол дереу полицияға хабарлап, тәртіп сақшылары қылмыскерді қамауға алыпты. Тергеу барысында белгілі болғаны, ер азамат әйелімен жанжалдасып, екеуі төбелескен. Алысып жатқанда 2 жасар қыздарының үстіне құлап кетіпті. Сәби тұншығып қайтыс болған. Артынша Эльхаджи әйелін де буындырып өлтірген екен.

Осынау ауыр қылмысы үшін АҚШ тұрғыны өмірінің соңына дейін түрмеде отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары