$ 443.44  480.51  4.88

ШҚО-да тағы 30 үй суға кетті

Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданы да 25 наурыздан бері тасқынмен күресуде. Бүгінге дейін ауданның бірнеше елді мекені тасқынға тап болып, 30 үйді су алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен 2 тәулікте Катонқарағай ауданының 2 елді мекеніне су жайылды. Ақсу ауылында Бекалқа елді мекеніне апаратын жолдың суағарын су шайып, 2 үйдің ауласына кірсе, Барлық ауылында 10 үйдің ауласына су кірген.

«Барлық ауылына Бұқтырма өзенінің арнасынан асуы қауіп төндірді. Қазір кептелген мұз ауылдан 500 метр төмен жылжыды. Яғни, тасқын қаупі толық сейілді. Ал Ақсу ауылында аттас өзеннің деңгейі жауын салдарынан көтерілген болатын. Қазір оның тереңдігі 162 сантиметрден 130 сантиметрге түсті. Бүлінген үй немесе зардап шеккен адам жоқ, жағдай тұрақталды. Судың молаюына тау арасында жылы лепті жел соғуы да себепкер болды. Ақсу ауылында су жырған жолды айналып өтетін бағыт жасадық. Бекалқа ауылымен қатынас үзілген жоқ. Бүгін Барлық ауылындағы ауласын су алған үйлердің тұрғындарымен кездесеміз», - дейді аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары