$ 494.87  520.65  4.91

Аман Төлеев халқынан кешірім сұрап, қоштасу видеосын жолдады (ВИДЕО)

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын жазған болатынбыз. Бүгін өңір басшысы сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, кешірім сұрады және облыс тұрғындарымен қоштасты.

Губернатордың айтуынша, Кемерово облысымен бірге қайғылы жайтқа бүкіл әлем аза тұтып жатыр. Оқиғаны естіген әрбір адам оны жүрегімен қабылдаған.

«Құрметті кузбасстықтар, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қаралы отбасылармен кездесіп, көмек көрсету мәселесін түгелдей шешіп беруге тырыстым. Тағы да баршаңызға қайғыра көңіл айтамын. Тірі адам тіршілігін жасайды, өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Марқұм болған туыстарымызды еске алу үшін де өмір сүруіміз қажет», — деді Аман Төлеев өз сөзінде.

Ол сондай-ақ, видеоүндеу барысында отставкаға кету туралы өтінішін өз еркімен, ешкімнің ықпалынсыз жазғанын айтып, халқымен қоштасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары