$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте арақ ішіп алған жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Шымкентте 58 жастағы ер азамат Алматы–Ташкент–Термез тас жолының бойында жол көлік оқиғасын жасап, оның соңы екі адамның өлімімен аяқталды. Оқиға 26 наурыз күні болған деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

ВАЗ-21074 көлігінің тізгінінде болған ер азаматтың мас күйде болғаны анықталып отыр. Ол жоғары жылдамдықпен келіп, өзінің 1961 жылғы туған інісі мен оның 1961 жылғы әйелін қағып кеткен. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан екеуі де қайтыс болды.

Оқиға орнына жеткен ОҚО ІІД-нің жедел-тергеу тобы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сараптамалар тағайындады. Күдікті қамауға алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары