$ 498.34  519.72  4.85

Аман Төлеев қызметінен кетсе де губернатордың айлығын алып, мемлекеттің сарайында тұра беретін болды

Ресейдің Кемерово қаласындағы алапат өрттен кейін амалсыз қызметінен кетуге мәжбүр болған облыс губернаторы Аман Төлеевке "Халық губернаторы" деген атақ берілді. Яғни, оған мемлекет тарапынан резиденция, қызметтік кеңсе, көмекші және айлық-жалақы берілетін болады. Бұл туралы РФ президентінің Сібір федералды округіндегі өкілі Сергей Меняйло мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

"Заң қабылданған, қазір ол күшінде", - деді Меняйло журналистердің сауалына жауап беріп.

Еске салайық, Кемерово қаласындағы сауда орталығының өртінен 64 адам қаза тапқан болатын. Олардың 41-і кішкентай балалар. Мұнан кейін жергілікті тұрғындар наразылық акциясын өткізіп, мыңдаған адам биліктің отствакасын талап етті. Ал, өткен аптаның соңында губернатор Аман Төлеев қызметінен кету үшін ел президенті Владимир Путиннің атына өтініш жазғанын ресми мәлімдеді. Путин Төлеевтің отставкасын сол күні-ақ қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары