Алматыда Forbes Казахстан мен Ratel.kz сараптамалық порталдарының журналистері ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қалалық ІІД осы жайтқа байланысты түсініктеме берді.
"2018 жылдың 30 наурызында Алматы қалалық ІІД-ге К. есімді азамат шағымданып, аталған екі интернет-порталдың қызметкерлерінің үстінен жалған ақпарат таратты деп шағымданды. Аталған арызға сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалған", - делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр екен. Ал, өзге ақпаратты құқық қорғаушылар тергеудің құпиялығына байланысты айта алмайтындарын жеткізді.
Есек салайық, бүгін Алматыда полицейлер Forbes Казахстан мен Ratel.kz порталдарының редакцияларында тінту жұмыстарын жүргізіп, бірнеше адамды ұстап әкеткен болатын.