$ 443.44  480.51  4.88

Шымкент колледжінде оқу ісі меңгерушісінің сейфінен гауһар тасы мен бағалы сағаты ұрланды

Сәуірден 1-нен 2-іне қараған түні Шымкенттегі Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы колледжіне ұрылар түскен. Олар оқу ісі меңгерушісінің кабинетіне кіріп, сейфіндегі гауһар тасы бар моншағы мен қымбат сағатын алып кеткен деп жазады Otyrar.kz.

Колледж заңгерінің айтуынша, бағалы заттардың жалпы құны 3 млн 80 мың теңгені құрайды екен.

20 бейнебақылау камерасы орналасқан ғимаратқа қымсынбастан кірген ұрылар екінші қабатқа жертөле арқылы көтеріліпті. Кассадан ақша таппаған олар оқу ісі меңгерушісінің кабинетіне кіріп, сейфін ақтарған. Қылмыскерлер өздерімен бірге бағалы заттарды және 200 мың теңге ақшаны алып кетіпті.

Полиция қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары