$ 498.34  519.72  4.85

Жыныстық қатынас кезінде бойжеткен жігітін буындырып өлтіріп алды

Эротикалық ойыннан от шықты. Ресейдің Хабаровск қаласында Ольга есімді бойжеткен сүйктісін жыныстық қатынас уақытында өлтіріп алған. Бұл туралы Dni.ru порталы жазды.

Төсектің қызығына еліп, қыз бен жігіт сексуалды ойын ұйымдастырған. Сөйтіп, 26 жастағы Ольга сүйіктісінің мойнына жіп байлап, қатты тартып қалыпты. Ауа жетпей қалған жігіт сол мезетте қайтыс болған.

Алғашқыда бойжеткен жігіттің өліп кеткенін білмепті, тек ұйықтап қалған шығар деп ойлаған. Алайда, жігіт не жуынуға тұрмаған, не қыздың сұрақтарына тіл қатпаған. Сонда ғана Ольга ер азаматтың ес-түссіз жатқанын аңғарып, дереу жедел-жәрдем шақырыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің өлгенін ғана тіркесе, полиция бойжеткенді үйқамақта ұстау шешіміне келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары