31 наурыз күні Алматы облыстық Әскери істер жөніндегі департаментте әскери қызметкер өз әріптесін атып өлтірді деген ақпарат тараған болатын. Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан. Ал, бүгін еліміздің Бас әскери прокуратурасы өлген адамның осы департамент басшысы екенін, ал оны өлтірген оның орынбасары екенін ресми мәлімдеді.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, подполковник шеніндегі азамат қамауға алыныпты.
"Қызметтік бөлмесінде Алматы облысында қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Б. Б. Берістемовті атып тастаған. Алған жарақаттан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл оқиғаға күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А. С. Оспанов ұсталды. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл қылмысқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тарауы бойынша іс қозғалып, Бас әскери прокуратура оны өндіріске алды. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.