Киев қаласының прокуроры Олег Билоус эфир алдында жалаңаштанғаны үшін сөгіс алды. «Лавлавсаr» телешоуына ол азаматтық некедегі әйелі Дианамен бірге қатысқан.
Прокурорлар комиссиясы үкімінде көрсетілгендей, 4 минуттық «Бөтелке айналдыру» ойыны барысында 7 қатысушымен бірге Билоус та жалаңаштанған. Ол бағдарламада былапыт сөздер айтып, жағымсыз қылық көрсеткен. Қатысушы әйелдердің әрқайсысымен сүйісіп шыққан. Есесіне, прокурор мен әйелі ойын соңында жеңіске жеткен.
Прокурор енді эфир алдында шешінбеуге сөз берді. Жеңіске ол сүйіктісі Диана үшін ұмтылған екен. Түсірілімге жұмыстан тыс уақытта түскенін айтып, ол үшін ұялмайтынын да жеткізді.