$ 498.34  519.72  4.85

Полицейлер Шымкентте 70 жастағы кәсіпкер мен оның қызын өлтірген күдіктіні ұстады

Шымкенттік 70 жастағы кәсіпкер мен оның 45 жастағы қызының мәйіті кеше табылған болатын. Полицейлер осынау қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1994 жылғы ер азаматты ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Криминалды полиция қызметкерлері анықтағандай, күдікті адам зейнеткер ер азамат пен оның қызын асқан айуандықпен өлтірген. Мәйіттерде ондаған пышақ жарақаты бар. Ең алғаш болып қылмысты үйдің кіші қызы білген және дереу полицияны шақырған.

Аталған жайт Абай ПБ-нің СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1994 жылы туылған азамат анықталып, ұсталды. Күдікті өзіне тағылған кінәнің бәрін толық мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары