$ 498.34  519.72  4.85

Суретші Кәміл Муллашев Елбасының қабылдауында болды

Елбасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады, - деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мәдениетінің, атап айтқанда, бейнелеу өнерінің қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды.

Қазақстан Президенті елдің дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау мен бұдан әрі танымал ету қажеттігіне назар аударды. Муллашев өз кезегінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне ұдайы қамқорлық пен жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі.

Муллашевтің туындыдары Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде және шетелдердегі жеке өнер туындыларын жинаушылардың қорларында сақтаулы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары