Семей қаласында бүгін қатты дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, көліктер зардап шекті.
Қатты нөсердің кесірінен жол қозғалысы қиындады. Аталған жайтқа қатысты Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Семей-Семипалатинск транзит» тобында пайдаланушылар фотосуреттер жариялады.
Мәселен, ғаламтор пайдаланушысы Сергей ли Хан «Қаланың көптеген аудандары жарықсыз қалды, жолдарда жаңа көпірдің су сору жүйесінің жұмыс істемеуіне байланысты кептелістер пайда болды. Көпірдің сол жағалаудағы айналма жолында көліктер екі бағытта да жүріп жатыр. Орталық саябақ жанында автобустың үстіне ағаш пен сым құлады. Қаланың ескі орталығында көптеген ағаштар құлаған. Көліктер зардап шегіп жатыр», деп жазады мұнда жариялаған өзінің хабарламасында.