АҚШ-тың Мичиган штатындағы Дирборн қаласында мұсылман қызға егде тартқан еркек қол ала жүгірген. Орамал таққан қыз аурухананың қабылдау бөліміне келген екен. Бар-жоғы 5 секунд ішінде бойжеткенді аямай ұрып тастаған. Аурухана қызметкерлері басқыншыны қыздан әрең ажыратып алған деп жазады IslamNews.
57 жастағы бұзақыны аурухана қызметкерлері бұрыннан таниды екен. Ол бұған дейін де осындай әрекеттерімен көзге түскен. Ал, 19 жастағы қызды ұрғаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ер азамат абақтыға жабылды. Кейін белгілі болғандай, ол психикалық аурумен ауырады екен.
Дәрігерлер жәбір көрген Маджида Мугнидің содан бері бойында қорқыныш бар екенін айтады. Қыздың денсаулығы мен бет-әлпетіне зақым келген. Яғни, жақ сүйегі сынып кетіпті.