$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған келіншек журналист болған

Ақтөбеде лифт ішінде қаза болған Айзат Әбдісамат жергілікті «Ақтөбе» арнасында балалар бағдарламасы мен таңғы бағдарламаны жүргізген. Журналистің әріптестері оның ақкөңіл, пейілі кең адам болғанын айтып отыр деп мәлімдейді ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласында қайғылы жағдай тіркеліп, 28 жастағы келіншек қаза болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, үш жастағы қызымен лифтіге мінген Айзат Әбдісамат дәрігерлер келгенше жан тапсырған. 

«Ол кеше сағат 21:00 шамасында қызымен бірге лифтіге мінбек болған. Есігі толық ашылмай қалса да, кішкентай қызы ішке еніп кеткен. Ал анасы оның қауіпсіздігі үшін артынан ере ұмтылғанымен, ішіне кірмей жатып, есігі жабылып қалған. Айзат оқиға орнында қаза болды. Үш жастағы қызы дін аман», - деді «Ақтөбе» облыстық телеарнасының тақырыптық хабарлар бөлімінің аға редекторы Бибігүл Биманова.

Оның айтуынша, Айзат Әбдісамат «Ақтөбе» арнасына 5 жыл бұрын келген екен.

«Алматыдағы ұлттық университеттің журналистика факультетін бітіріп келіп, таңғы бағдарламаға жүргізуші болып қабылданды. Бұрын балалар журналына жазып жүрген тілші таңғы бағдарламамен қатар, арнайы балалар бағдарламасын ашты», -  дейді Бибігүл Биманова.

Әріптестері Айзат Әбдісаматтың өте ақкөңіл, кеңпейіл болғанын айтып отыр. Ол тұрмысқа шыққан соң балалы болып, үйде отырған. Кейін таңғы бағдарлама қиынға соғып, журналистиканы емес, бала тәрбиесіне көңіл аударды.

«Ол ақкөңіл болды. Адамның сыртынан әңгіме айтпайтын жан еді. Тірі болғанда мамырда 28 жасқа толар еді. Қызы да 3 жасқа енді келіп отыр», - деді Бибігүл Биманова.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары