Сәуір айының 6-8 күндері Астанада жауын шашынды күн райы күтіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты, Қазгидромедке сілтеме жасап.
Сәуірдің 6 күні Елордада көшпелі бұлт шығып, тұман болады, жауын шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан тұрған жел оңтүстік-батысқа ауысып 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0... +2°С, күндіз +6...+8°С.
7-ші сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +3+5°С.
Ал, 8 сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын шашын күтіледі. Батыстан соққан жел бағытын өзгертіп оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +3+5°С күтіледі.