$ 442.05  474.14  4.74

Астанада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды

Астанада жоғалып кеткен 21 жастағы Ақжан Мәделхан аман-есен табылды деп хабарлайды Казинформ.

Баланың анасы хабарлағандай, оны полицейлер емес, туыстарының өздері тауып алыпты.

Еске салайық, бұған дейін Ақжан Мәделхан есімді жас жігіттің із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Ол 4 сәуір күні түстен кейін үйінен шығып кеткен. Соңғы рет оны куәгерлер Сығанақ көшесінің бойындағы «Пекин Палас» қонақ үйінің маңынан көріпті. Ол «Евроцентр» бизнес орталығынан кешкі сағат 18.00-19.00 аралығында шығып, үйіне қарай беттеген. Содан кейін оны көрген-білгендер жоқ. Жігіт ұялы телефонын да сөндіріп тастаған.

Анасы Ақжанды қайдан тапқанын және осы уақытқа дейін ол не үшін хабарсыз кеткенін айтқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары