$ 498.34  519.72  4.85

Қырғыз шекарашылары өзбек азаматын атып өлтірді

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Аксы ауданындағы Мамай елдімекені маңындағы мемлекеттік шекара тұсында өзбекстандық шекарашылар атқан оқтан Қырғызстан азаматы жараланып, кейін ауруханада жан тапсырған. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөзбен байланыс жөніндегі бөлімі таратты деп хабарлайды Азаттық.

Ресми ақпаратта Аксы ауданы Курулуш ауылының 34 жастағы тұрғыны Қырғызстан территориясымен Мамай елдімекеніне кетіп бара жатқанда қарудан оқ атылғаны айтылған.

Жараланған қырғызстандық тұрғын Кербен қаласындағы ауруханада қайтыс болған.

Төтенше оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін Қырғызстан мен Өзбекстан шекара қызметтерінің өкілдері кездесу өткізіп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Оқиға болған жерге барған Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің Жалал-Абад облысы бойынша басқармасының бір топ офицері мен құқық органдары өкілдері тексеру жұмыстарына кіріскен.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков тиісті ведомстволарға Өзбекстан тарабымен бірлесіп, қырғыз-өзбек шекарасында болған оқиғаны мұқият тексеруге тапсырма берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары