Канадада 25 жастағы мұғалім Мадалин Арнет өз оқушысымен көңіл жарастырып, жыныстық қатынасқа түскен. Екі баланың анасы мектепте әлеуметтану пәнінен сабақ берген екен.
Мадалиннің жасөспірімді азғырғаны туралы мектептің басшылары естіп, дереу полицияға хабар беріпті. Тәртіп сақшылары оны Оттава іргесіндегі Батыс Каролтон шаһарында қолға түсірген. Артынша белгілі болғаны, бұл жайтты баланың сыныптастарының бәрі біледі екен, мұғалім мен оқушы бір-біріне хат жазысып, жұрттың көзінше аймаласқан кездері де болған дейді.
Қазір педагог тергеліп жатыр. Ол ұзақ мерзімге сотталып кетуі мүмкін.