$ 498.34  519.72  4.85

Мұсылман жігітпен көңіл жарастырғаны үшін қызды соққыға жықты (ВИДЕО)

Үнді елінің Ассам штатында адам шошытарлық оқиға болды. Көшеде мұсылман жігітімен қол ұстасқан қызды өзінің осы әрекеті үшін өз туыстары соққыға жыққан жазады The Daily Mail.

Христиан дінін ұстанатын гаро тайпасынан шыққан қыздың мұсылман жігітімен көңіл жарастырғаны руластарына ұнамаса керек. Олар көшеде қол ұстасқан жігіт пен қызға тарпа бас салған. Тапа-тал түсте 22 жастағы қыздың шашынан сүйреп, ішінен тебеді. Ауыр тепкі алған қыз аянышты халде жерге құлап түскен. Артынша ол полицияға арызданып, тәртіп сақшылары 12 адамды қамады.

Айта кетейік, Үнідстандағы кейбір радикалды топтар өз руынан шыққан қыз-келіншектердің мұсылман жігітімен көңіл қосуына және отбасын құруына түбегейлі қарсы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары