$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны көкала дертінен қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Конго-қырым қанды қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлады http://24.kz/kz.

Қазақтар бұл дертті көкала деп атаған. Негізінен жануарлардың үстіндегі кенелерден жұғады. Көктемде жүргізілген тексерулер кезінде 27 мың кененің 70-інен аталған дертті жұқтыратын вирус табылған болатын. Биылдың өзінде 3 мыңға тарта азамат кене шақты деп дәрігерге қаралған. Конго-қырым қанды безгегін жұқтырған екі адам дер кезінде ем алып, жазылып кетті. Ал қайтыс болғандардың медициналық көмекке кеш жүгінгенін айтады. Ауру шыққан үйлерде эпидемиологиялық тексеру жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары