Қырғызстаннан Сирияға содырлар қатарында соғысуға кеткендер саны мыңнан асып жығылуы мүмкін деп мәлімдеді azattyq.org
Бұл туралы, Орталық Азиядағы қауіпсіздік, "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" ұйымынан төнетін қауіптерге қарсы тұру мәселелерін талқылаған жиында Қырғызстан қорғаныс кеңесі хатшылығының өкілі Рыспек Абдысатаров мәлімдеді.
Оның сөзінше, ресми мәліметтер бойынша Сириядағы соғыс қимылдарына қатысуға Қырғызстаннан 350-ден астам адам кеткен деп саналады. Бірақ ресми емес мәлімет көздері кеткендер саны мыңнан көп болуы мүмкін екенін айтады.
"Олардың саны мыңның төңірегінде болуы мүмкін. Сирияға негізінен елдің оңтүстік өңірлерінен кетеді" деді Рыспек Абдысатаров.