$ 443.44  480.51  4.88

OTAU-TV қазақстандықтарға тегін әрі сапалы телевизия ұсынады

Спутниктік телевизия желісіндегі ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ қазақстандықтарға жаңа «OTAU+» пакетін ұсынып отыр. Оның аясында ел тұрғындары отандық телеарналармен бірге шетелдік телеарналарды сапалы форматта көре алады.

Баршаға мәлім, «OTAU-TV» спутниктік желісін қостырған қазақстандықтар 66 телеарнаны тегін тамашалап келеді. Ал, жаңа пакетті қостыру арқылы тағы 11 шетелдік телеарнаға қол жеткізуге болады. Олар: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema» және «Bollywood». Ал, қосымша қызметтің ақысы - айына небәрі 500 теңге.

«OTAU+» пакетіне қосылу үшін қосымша аппарат немесе монтаждау жұмыстары қажет емес. Тек тапсырыс беріп, ақысын төлесеңіз болғаны.

Айта кетейік, «OTAU-TV» спутниктік желісі Қазақстан аумағын 100 пайызға қамтып отыр. Қаланы айтпағанда, сонау шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары да аталған желіге қосылып, қазақстандық және шетелдік телеарналарды сапалы жағдайда көре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары