$ 441.66  475.14  4.86

БҚО-да көпқабатты үйдің шатыры опырылып қалды

БҚО-дағы Теректі ауданына қарасты Федеровка ауылында сәуірдің 17-не қараған түні үй шатыры құлады деп жазады "Уральская неделя" порталы. Түгелімен опырылып қалған пәтерде қайта сол уақытта ешкім болмаған.

Юбилейная деп аталатын көшеде орналасқан екі қабатты үйдің шатыры ішіне құлап түсіпті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл оқиға түнгі сағат екі шамасында болған және жарты сағатқа жалғасқан.

Қазіргі уақытта пәтер тұрғындары қауіпсіз орынға көшірілді. Төбесі опырылған үйді төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жұмысшылар тобы тазалап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары