$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында әйелді емізулі баласымен бірге көлік қағып өлтірді

Алматы-Бішкек тас жолында әйел мен оның емізулі баласы автокөлік астына түсіп көз жұмды деп жазады InAlmaty.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 сәуір күні Алматы-Бішкек тас жолының 27-ші шақырымында болған. Апат салдарынан 38 жастағы әйел мен сәбиі көз жұмды. Ал, оларды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

«Оқиға болған жерден Mazda СХ-7 көлігінің бөлшектері табылды. Автокөлікті іздестіру жұмыстары аймақта және көрші облыстарда жүргізілді», – дейді Алматы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің подполковнигі Ерлан Кәрібаев.

Жол апатынан кейін жедел іздестіру тобы құрылып, күдікті жүргізуші ұсталыпты. Оның Қаскелең тұрғыны екені анықталған. Ер азамат апат жасағанын мойындаған. Қазір тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал, адам қаққан көлік болса айып тұрағына қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары