$ 494.87  520.65  4.91

Армениядағы көтеріліс: халық ақыры жеңіске жетті, Саргсян отставкаға кетті

23 сәуірде Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті деп жазады Азаттық. Елдегі оппозиция соңғы он бір күн бойы Ереванда толассыз шеруге шығып, оның екі мерзім президент болған соң үкімет басқаруға қайтып келуіне наразылық танытқан.

Саргсян: "Мына туған ахуалға қатысты әртүрлі шешім қабылдауға болар еді. Бірақ мен ондайға бармаймын. Елдің жетекшісі, үкімет басшысы қызметінен кетем" деп мәлімдеді. Саргсян жаппай наразылық шарасын ұйымдастырушы Никол Пашинянның позициясын "жөн" деп мойындаған.

Енді елдің бірінші вице-премьері Карен Карапетян уақытша үкіметті басқаратын болды.

Армениядағы оппозицияның жетекшісі, парламент мүшесі, "Елк" саяси блогы басшыларының бірі Никол Пашинян 2008-2018 жылдары екі мерзім президент қызметін атқарған Серж Саргсянның премеьер-министр болуына қарсы шыққан.

Пашинян бастаған ондаған мың армениялық Ереванда он шақты күн бойы демонстрация ұйымдастырып, жолдарын бөгеген полицияны "Саргсянды емес, халықты қорғауға" шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары