$ 494.87  520.65  4.91

Ел ертеңіне жасалған 100 қадам

«100 нақты қадам». Бұл – жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап.

Аталмыш құжат аурудың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, дендеген дерттің жүйелі емі болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген. Бүгін еліміздің басты мерзімді басылымдары Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында 100 нақты қадамын жариялады. Атқарылған істерге тоқмейілсіп, арқаны кеңге салуға болмайтынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қашан да қаперге салып келеді. 5 мамыр күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент кезек күттірмейтін күрмеуі көп күрделі мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жариялады, іске асыру тетігін айқындады. Президент кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп, ашықтыққа басымдық беруді жүктеді. Бұл ретте сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын арнайы бөлім құру қажеттілігі де айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жаңағы 100 нақты қадам дегеннің ішінде барлығы жасалған. Әр салада 20 қадамнан болғанда, 100 қадам болады. Сондықтан бастарыңды қатырып керегі жоқ. Бірақ та өздерің шығармашылық жағынан қарап, әрі қарай дамытсаңдар жұмыс болады. Жұмыс оңай емес. Бұрын-соңды жасалмаған, халықтың, биліктің психологиясын өзгертейік деп отырмыз.

100 нақты қадам:

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ 1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың сот төрелегіне қолжетімділігін жеңілдетіп, судьялыққа үміткерлерді іріктеуде біліктілік талаптарын қатайту қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар, олардың есеп беру тәртібін күшейтуді атап айтып, айрықша тапсырды. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурорлардың қатысуын қысқарту да сөз болды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру тапсырылды.

ІІ. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 17-қадам. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Басты басымдық берілген институционалды реформаның үшіншісі – индустрияландыру және экономикалық өсім бағыты. 100 нақты қадамның 49 қадамы осы салаға тиесілі екендігінің өзі оның қаншалықты маңызы барын анық аңғартады. Мұнда ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, салық және кеден саясаты рәсімдерін оңтайландыруға дейін қамтылған. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу де көзделген. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы, ет-сүт өнімдері өндірісін дамыту, халықаралық хаб құру, стратегиялық инвесторларды тарту міндеті бар. Осы орайда Алматы іргесінен әлемдік стандартқа сай келетін халықаралық жаңа әуежай салу да жоспарда тұр.

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ 70-қадам. «Астана EXPO-2017» инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, Астана халықаралық қаржы орталығын құру. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықты ТМД, сондай-ақ Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру. Өзіндік заңдылықтары бар тәуелсіз сот жүйесін құру, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. Болашақта Қазақстанның қаржы хабы әлемнің 20 алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының қатарына енуі тиіс. Төртінші бағыт біртектілік пен бірлік. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу арқылы білім беру саласындағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жүйелі талабына сақадай сай келетін жұмысшы рөлін және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК 86-қадам. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. Бесінші бағыт – есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін қалыптастыра отырып, биліктегі ашықтыққа басымдық берілген. Әсіресе мемлекеттік орталық органдардың статистикалық база мәліметтеріне онлайн-қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Өзін-өзі реттеу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы халықтың әділ шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігі кеңейе түседі. Атап өтетін тағы бір жайт, шалғайдағы шағын елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Мемлекеттік қызметтің сапа менеджментін ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау. Ендігі меже – Елбасы елеп-екшеп, бағыт-бағдарын айқындап берген нақты міндеттерді мінсіз орындау болмақ. Осы орайда бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия жасақталды. Енді осы Ұлттық комиссия тұщымды тұжырым жасап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен қатар нақты іс-жоспарын түзетін болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары