$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да жаңа кәсіп орын іске қосылды

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында сүт зауыты ашылды.

Ауыл маңайындағы елді мекендерден сүт қабылдап, өз дүкендерінде өнімдерін делдалсыз сатуды жос­парлап отырған жаңа кәсіпорын «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ламасының қолдауымен іске қосылды. «Айзат» ЖШС жетек­шісі Бақытжан Құнафиянов атал­ған нысанға жеке қаражатын да са­лыпты. Сүт цехының өнім­дері аудандағы мектептер мен ба­ла­бақшаларды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп, Семей мен Өскемен қалаларындағы дүкен сөрелеріне де түспек.

– Бұл  Елбасының 100 нақты қадамын жүзеге асыру аясында қолға алынған жоба. Сүт және сүт өндірісін  дамыту аудандағы тың қадам болып саналады. Енді Ақжар ауылдық округіндегі тұрғындар осы цехқа сүт өткізе алады. Сонымен қатар тұтынушылар сапалы сүт өнімдерін қолайлы бағаға алатын болады, – деді зауыттың ашылу салтанатына қатысқан Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Кәсіпорын сүт, ірімшік, сары май, айран, сүзбе сынды түрлі сүт өнімдерін шығарады. Ресей мен Қытай елдерінің құрал-жабдықтарымен жабдықталған нысан 5 маманды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер келешекте жұмыс орнын көбейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Жаңадан ашылған цех жұмысына қызу кіріскен жас зертханашы Аяужан Серікқызының айтуынша, зауыттың қуаты күніне 5 тонна сүт өндіруге жетеді. Қабылданған сүттің құрамы мен тазалығы зертханалық тексеруден өтеді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл Тарбағатай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы сүт бағытындағы ірі қара малын өсіруге, сүт өн­ді­руге 30 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде бағдарламаға қаты­су­шы 11 шаруашылық өз жұмыс­тарын бастады. Ауданда сүт тап­сыратын жеке тұлғалар мен шаруа­шылықтардағы ірі қара малының ветеринариялық жағдайын бақылау қызметі жолға қойылды. Осы арқылы тұрғындар сапалы әрі таза сүтпен қамтамасыз етілмек.

Соңғы деректерге сүйенсек, Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша жоспар құрған болатын.  Жобаның мақсаты сүт импортын азайту және жан басына шаққандағы тұтыну нормасын арттыру  

Жоспар сәтті орындалса, республикамыздағы сүт өндірісі 2020 жылға қарай 1,7 млн тоннаға артады.

Сондай-ақ аймақтарда 24, 50, 100 және 200 қуаттылықты 2 мың шағын ферма бой көтереді. Өз кезегінде олар жылына бағасы төмен 740 мың тонна сүт өндіреді деп күтілуде. Тағы бір жайт, елімізде 158,4 мың тонна сүт өндірісін қамтамасыз ететін 1,2 мың сауын мал басынан тұратын 20 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы да салынады деп күтілуде. Қолданыстағы фермалар да назардан тыс қалмайды. Үкімет олардың жетілдіру жұмыстарына қаражат қарастырған.

Асылжан Мамытбековтың айтуынша сүт өндірісі бойынша жаңа қуаттылықтар 954 мың тоннаны құрайды, ал қалған 770 мың тоннаны қолдағы мал басымен селекциялық-тұқымдық жұмыстар енгізу және жем-шөп қорын жақсарту арқылы арттыру жоспарланған.

Қаржы мәселесіне келетін болсақ, бір ғана 100 мал басынан тұратын сүт фермасын құру үшін кем дегенде 140 млн. теңгеден астам ақша керек, деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлік ауылшарушылығының шырайын келтіру мақсатында сала бойынша 15 шеберлік жоспарын таныстырды. 

Айта кетейік, сүт өнімдері өнеркәсібі – тамақ индустриясы салаларының ішінде үшінші орында. 2002 жылғы статистикалық мәлімет бойынша шаруашылықтың барлық түрінде сүт өндіру 4,1 млн-ға т-ны құраса, әрбір сиырдан сауылатын сүттің орташа көрсеткіші – 2044 кг-ға жетті. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран, ашытқы шығаратын сүт зауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әрбір экономикалық аудандары мен өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған. Өйткені сүт өнімдерін алысқа тасымалдау тиімсіз. Қала халқын дер кезінде сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін сүт зауыттары әрбір қалада салынған. Ірі сүт зауыттары Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкентқалаларында орналасқан.

Май шайқау, сыр қайнату сияқты сүт өнімдері өнеркәсібі, негізінен, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарында, сүтті ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда шоғырланған. Көкшетау, Қостанай, Алматы сүт комбинаттары сүт өнімдерінің 75%-ын шығарады.

Сонымен қатар елімізде өсімдік майы мен маргарин майын шығаратын өнеркәсіп орындары жақсы дамып келеді. Өсімдік майы күнбағыс және шитті мақта дақылдарынан алынады. Күнбағыс майын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары шығарады. Өскемен қаласында өсімдік майын айыру комбинаты жұмыс істейді. Шитті мақта майын шығаратын зауытОңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары