Басқа басқа, мекен еткенімізге қырық жылдай болып қалған Қарағандының көз алдыдағы өзгерісі өзімізді де таңдандырмай тұрмайды. Әсіресе, соңғы жылдардағы өзгеруін ғажайып құбылысқа тең көрініс пе дерсіз. Ал сәулетшілердің жаңа жобалары бойынша одан сайын шырайлана түспектігі бөлек бір әңгімеге арқау болады.
Қала әкімінің орынбасары Тайхан Қалмахановтың айтуынша, мүмкін екен. Дағдарыс өтеді де кетеді. Өмірлік істер жалғаса береді. Соның ішінде құрылыс қарқыны сақталып қана қоймай, дамуын жаңғырту шаһар келешегін кемел етуге бастайды. Мемлекеттік көмекпен бірге ұлттық компаниялар мен мықты инвесторлар қолдауы арқылы осыған арналған бас жоспарға сәйкес алдағы уақытта кескін-келбеті танығысыздай көркеймек дейді.
Бұл жолғы іс-жоба әлемдік сәулет өнерінің жауһарларынан кем түспес заманауи үлгідегі әсем де зәулім ғимараттар қатарын көптеп түзеуге бағытталған. Бұлар қаланың оңтүстік-шығыс және Майқұдық бөлігі аралығындағы әзірге ашық аймақты көркі көз тартарлық ортаға айналдырады. Осы тұстан тұрғызылатын қазіргілерден де биік «Трилистика» тұрғын үй кешені жергілікті сәулетшілердің талғампаз ізденісін бейнелейтін болса, қапталдаса бой көтеретін бес жұлдызды мейманхана, сауда-сауық орталығы, балалар мен жасөспірімдер сарайы сән жарастырады. Ал таяу арада есік ашқалы отырған «Достық» үйінің өзіндік ажары да айшықты болмақ.
Айта кетейік, Қарағанды облысына сапары барысында Елбасы жұртшылықпен және кәсіпкерлермен кездескен болатын. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қарағанды облысы елдің ішкі жалпы өнімінің 8 пайызы тиесілі ірі өңір болып саналатынын айтты.
Қазіргі кезде облыстың жалпы өңірлік өнімі 2,6 триллион теңгені құрайды.
«Облыс экономикасына салынып жатқан инвестициялар да өсуде, былтыр ол 400 миллиард теңгеден асты. Өңірдің бюджеті үш жылда 40 пайызға өсіп, 245 миллиард теңгеге жетті,» — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өңірдің даму қарқынын атай отырып, Қазақстан Президенті бірқатар маңызды мәселелерге де назар аударды.
«Қарағанды облысында индустриялық-инновациялық бағдарлама үлкен диспропорциямен жүзеге асырылуда. Мәселен, Индустрияландыру картасындағы 80 нысанның тең жартысына жуығы Қарағандыға, ал облыстың өнеркәсіптік өндірісінің 15 пайызын қамтамасыз ететін Жезқазғанға небәрі 3 жоба ғана тиесілі», — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Приозёрск қаласы, Осакаров және Ұлытау аудандары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мүлде қамтылмағанын айтты. Сондай-ақ бұрын айтылған ескертулерге қарамастан, бірқатар нысандардың әлі тоқтап тұрғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің жарлығымен 2011 жылы құрылған «Сарыарқа» АЭА жұмысына назар аударды.
«Мемлекет арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымына 25 миллиард теңге бөлді. Жобаға сәйкес, онда 53 фирма жұмыс істеуі тиіс, бірақ қазір 2-еуі ғана жұмыс істейді. Басқарушы компания нақты инвесторлар тартудың орнына арнайы экономикалық аймақты өзінің «бос» фирмаларымен толтырған, сосын олардың құжаттарын әлеуетті инвесторларға сатқан. Неге бұлай болғанын анықтау керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымына 25 миллиард теңге бөлді. Жобаға сәйкес, онда 53 фирма жұмыс істеуі тиіс, бірақ қазір 2-еуі ғана жұмыс істейді.
Қазақстан Президенті шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы бірқатар кемшілікті де атады.
«Облыстың өңірлік жалпы өнімдегі ШОБ үлесі небәрі 20 пайыз. Өңірдің экономикасын негізінен «Арселор Миттал Теміртау» және «Қазақмыс» ұстап тұр. Мен ШОБ-ны 50 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойдым, егер осы қарқынмен жалғасатын болса, ол көрсеткішке ешқашан қол жетпейді», — деді Мемлекет басшысы.
Облыстағы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жеке талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 5 жылда облыстың 18 қаласы мен ауданының 11-інде «ҚазАгро» АҚ-ның қатысуымен бірде-бір жоба жүзеге асырылмағанын айтты.
«Бұл жергілікті биліктің АӨК-де қаржы институттарымен жұмыс жүргізбейтінін, тіл табыса білмейтінін және жағдай жасамайтынын көрсетеді», — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы облыста пайдаланылмайтын 1,4 миллион гектар ауылшаруашылық жері бар екені анықталғанына да назар аудартты.
Қазақстан Президенті шағын қалаларды дамыту мәселесіне де тоқталып өтті. Ол өңірде 8 моноқала және оларды дамытуға арналған бағдарламаның бар екеніне қарамастан, бөлінген 2,2 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың бәрі 2012 жылы тек көшелерді жарықтандыруға ғана жұмсалғанын айтты. Сол мақсатқа 2013 жылы 4,8 миллиард теңге немесе барлық қаражаттың 92 пайыз шығындалған.
«Бұл көшелермен кім жүреді? Егер жаңа жұмыс орындары ашылмайтын болса, одан жұрт кете бастайды», — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев облыс басшылығына моноқалаларды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдай отырып, осы мәселе бойынша ахуалды шұғыл түрде түзетуді тапсырды.
Айта кетейік, Қарағанды облысы еліміздің ең бір ірі және маңызды өңірлерінің бірі. Тек нарықтық экономика жағдайында ғана оның өндірістік қуатын және табиғи байлықтарын толығымен колдану, мамандандыру және кешендік тәсілдеме негізінде экономикалық байланыстарды оңтайлы дамыту мүмкіндігі туды.
Өнеркәсіп. Орталық Қазақстанның аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік реформасын жүргізу барысында Қарағанды облысының экономикалык және әлеуметтік құрылымы және шаруашылық субъектілерінің сипаты түбірімен өзгерді. Қарағанды облысы республиканың минералды-шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-марганец, барит-полиметалл, мыс кені, сирек металдар және көмір қорыбай бірден-бір алқабы болып табылады.
Облыс аумағында республиканың марганец рудасының 100%, бариттің — 70%, вольфрамның—85%, молибденнің — 65%, қорғасынның — 54%, мырыштың — 38%, мыстың—36%, көмір қорының — 32%, оның ішінде барлық 100% кокстелетін көмір, волластониттың—78%, алтын қорының 9%-ға жуығы шоғырланған. Марганец қоры бойынша Қарағанды облысы әлемде 3-ші орынды, ал ТМД еддері бойынша 2-ші орынды алады (Украинадан кейін). Облыста марганец, темір-марганец және темір кенінің негізгі барлаушы және өңдеуші кәсіпорны «Жәйрем КБК» АК, «Казмарганец» РБ, «Казхром» АКТҮК, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС болып табылады. Қорғасын-мырыш кені бойынша өңдеуші және өндіруші кәсіпорыны — «NоvаЦинк» БК ЖШС болып табылады. Сонымен қатар қорғасын және мырышты «Қазақмыс қорпорациясы» ЖШС мыс кенінің кешенінен өндіреді. 2003 жылы «Қазақмыс корпорациясының» «Балқаштүстімет» ӨБ-де мырыш өндіру цехы салынды, ол 2004 жылдың сәуір айында тұңғыш өнімін берді. Мысты өңдеу бойынша негізгі тау-кен кәсіпорны «Қазақмыс корпорациясының» Жезқазған және Балқаш комбинаттары болып табылады.
Сирек металдардың негізгі қоры Ақадыр кен ауданында (Көктіңкел, Қайрақты, Қараоба, Солтүстік Қатпар және т.б.) шоғырланған. Көмірдің негізгі қоры Қарағанды көмір бассейнінде (72% жуық), бірегей кен орны Шұбаркөл және Бөрілі, Қушоқы, Самар, Завьяловск, Жалын, Сияқты кен орындарында шоғырланған. Республиканың барлық кокстелетін көмір қоры, Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жалғыз кокс көзі Қарағанды көмір бассейнінде шоғырланған. Облыста негізгі көмір өндіруші кәсіпорындар «Митгал Стил Темиртау» АҚ КД, «Шұбаркөл көмір» АҚ «Молодежный» разрезі және «Қушоқы» разрезі, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің филиалы «Бөрілі» АҚ және т.б. болып табылады. 2003 ж. облыстың көмір өндіруші кәсіпорындары 26 мпн тоннаға жуық көмір өндірген.
Оңтүстік-Торғай аймағының шегінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруді «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсез» АҚ және «Торғай Петролиум» АҚ жүргізеді, Жезқазған-Сарысу депрессиясы аймағы шегінде көмірсутек шикізатын барлаумен «Жезқазғанмұнай» АҚ айналысады. Алтын қоры жөнінен облыс республика бойынша 5-орында тұр. Пайдалы қазбалардың жаңа орындарын табуда облыстың геологиялық әлеуеті зор. Болжам бойынша мыс ресурсының қоры 30000 мың тоннаға бағаланады (Жезказған, Қарағанды және Қарқаралы кен аудандарында), алтын ресурсының болжамы 600-1000 тонна, қорғасын ресурсының болжамы 23000 мың тонна. Көмір-сутегі шикізаты кен орнын барлау — облыстың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аймактарының келешегі. «Жәйрем КБК» АҚ- даҚазақстанда тұңғыш рет алғашқы (сульфидті) марганец кенін өңдеу жөніндегі тәжірибелік байыту фабрикасы іске косылды. «Novа-Цинк» ЖШС БК Ақжал кен орнында кенді алдын ала өңдеу үшін ауыр суспензиялар цехын салып, іске қосты.
Облыс өнеркәсібінің негізгі саласы Қара және түсті металлургия болып табылады, оның өкілдері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Миттал Стия Теміртау» АҚ компаниялары. Қарағанды металлургия комбинаты 1995 ж. 17 қарашасынан бастап «LNM group компаниясының» меншігіне өтіп, «Испат-Кармет» А АҚ құрылды (қазір «Миттал Стил Теміртау» АҚ. «Миттал Стил Теміртау »АҚ толық металлургиялық циклді кәсіпорын, оның құрамына мыналар кіреді: коксхимия өндірісі, жылдық қуаты — 2630 мың тонна, аглоөндіріс — 7000 мың тонна, 4 домна пеші, жаппы өндірістік қуаттылығы 4,5 млн тонна шойын; болат балқыту өндірісі — конвертер цехының өндірістік қуаты — 6 млн тонна болат, қысым цехы— 5400 мың тонна құйма, ыстық прокат цехы — 1,3 млн тонна, салқын прокат цехы — 1,3 млн тонна; ақ каңылтыр цехы — жалпы қуаты жылына 850 мың тонна, оның ішінде 300 мың тонна ақ каңылтыр, ыстықтай мырыштау және алюминді мырыштау цехы, қуаты — 828 мың тонна. Шикізат базалары «Соколов-Сарыбай ТКӨ» АҚ, «Лисаковск кен-байыту комбинаты» АҚ, «Өркен» ЖШС (Атасу, Кентөбе), Атансор кені, Қарағанды көмір бассейнінің шахталары. Өткен кезеңде комбинат өзінің екінші рет дүниеге келуін бастан кешті. Өндіріс келемін серпінді түрде өсірді. Комбинатта сұйық болатты шығару 1995 жылға қарағанда 2005 ж. екі есе өсті.
2005 ж. болатты үздіксіз құятын екі машина іске қосылды, мұның өзі автомобиль жасау, кеме жасау, тұрмыстық аспаптар шығару сияқты салаларға қажет өнімнің сапасын арттыруға он әсерін тигізді. Сапасы жақсарған металл өнімдері әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.