Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті, деп жазады Sputnik Қазақстан ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"16.50-де "Жаннұр" сауда орталығы аумағында орналасқан батуттың қатты желден аударылып қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем барды", — деді журналистерге ақпарат берген полиция өкілі.
Бастапқы мәліметке сүйенсек, оқиға салдарынан бес бала зардап шегіпті – әртүрлі жарақат алған балаларға жәрдем көрсетілген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.