$ 494.87  520.65  4.91

ЭКСПО-2017 - Қазақстанның беделін арттырады

16-18 маусым күндері ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Лондонда сапарда болды.

 

Сапар ауқымында Р.Жошыбаев британдық компаниялар үшін ЭКСПО-2017 таныстырылымына қатысты, Ұлыбритания Премьер-Министрі кеңсесінің  «TheGREATBritain» бағдарламасының жетекшісі Конрад Бердпен, Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен, Сауда және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас атқарушы директоры Доминик Джермеймен, сондай-ақ жетекші британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің таныстырылымына осы көрмені ұйымдастыруға қатысуға және нысандарды көрмеден кейін пайдалануға мүдделі 70-ке тарта британдық компаниялар өкілдері қатысты.

Шара барысында Р.Жошыбаев алдағы көрмеге ауқымды әзірлік жұмыстарымен, оған қатысу шарттарымен, сондай-ақ ЭКСПО-2017 қатысушылары үшін кедендік, салықтық және басқа да жеңілдіктермен таныстырды, деп хабарлады ҚР СІМ.

ЭКСПО-2017 халықаралық бизнес қоғамдастықтардың зор қызығушылығын туғызғаны атап өтілді, оған 100-ден астам елден 5 млн.-ға тарта адам қатысуы күтілуде.

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Т.Эдвудпен кездесу кезінде визалық режимді оңайлатуды қоса алғанда, екіжақты стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Британдық тарап Астанада ЭКСПО өткізу технологиялар ағынына, ғылыми базаны нығайтуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға жәрдемдесетінін атап өтті.

Сауда және инвестициялар ұлттық агенттігінің бас атқарушы директоры Д.Джермеймен кездесуде екі елдің сауда және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастығын жандандыру, сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің және британдық компаниялардың ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне қатысуы мәселелері қаралды.

К.Бердпен әңгіме барысында ірі халықаралық шараларды өткізудегі британдық тәжірибеге және осы саладағы ынтымақтастыққа қатысты егжей-тегжейлі пікір алмасу болды.

ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары  -  ЭКСПО-2017 комиссары Р.Жошыбаев сондай-ақ британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті және оларды астаналық көрмені шетелдерде алға жылжытуға белсенді қатысуға шақырды.   

Еске сала кетейік, ең алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2017 жылы 166 жыл толады.

Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.

Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы бүкіләлемдік қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.

Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.

Дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туғанын айтуға мүмкіндік береді.

Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.

Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.

Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

Қазірдің өзінде 65 көрме өткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары