21.06.2015, 18:00

«КazEOSat-1» жерсерігі Қазақстанға заңды түрде берілді

Фото: inform.kz

Қазақстандық «КazEOSat-1» жерсерігі Гвианадағы (Франция) «Куру» ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде еуропалық «Вега» тасымалдағыш зымаранымен ұшырылған. Осыған байланысты Тулузада Airbus Defence and Space компаниясы мен қазақстандық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ЖҚЗ ғарыш жүйесін меншікке беру құқығы сертификатына қол қойды, деп хабарлайды «Қазғарыш» баспасөз қызметі.

Алдымен Францияның Тулуза қаласында штаттық пайдалану үшін «КazEOSat-1» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратының ресми қабылдауы болды.

Меншік құқығын алғаннан кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өзінің активтерін ұлғайтады және «КazEOSat-1» спутнигін коммерциялық пайдалануға кіріседі.

Енді Қазақстан Республикасы өзіндік ЖҚЗ ғарыш жүйесінің пайда болуы ғарыштық мониторингілеу және болжау саласындағы ең алдыңғы тәжірибені пайдалау мүмкіндігіне ие болады. «КazEOSat-2» жерсерігі Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер  жасауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.

Айта кетейік, Қазақстанның жыл сайын орта есеппен түрлі кластағы 20 ракета-тасушы ұшырылатын әлемдегі ең ірі және технологиялық қуатты «Байқоңыр» ғарыш алаңы бар. Әлемде бірде-бір ғарыш алаңы бүгінде мұндай белсенділік қарқынмен теңесе алмай отыр. Және-де бүгінгі таңда Қазақстан алдында ресейлік серіктестермен бірлесе отырып ұлттық ғарыштық ракеталық кешен құру және «Байқоңыр» ғарыш алаңының мүмкіндіктерін әрі қарай Қазақстан мен Ресейдің ғарыштық бағдарламалары мүддесіне пайдалану жөніндегі стратегиялық міндеті тұр.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен РФ Президенті В. В. Путиннің 2004 жылғы бастамасының арқасында, бұл маңызды міндет «Бәйтерек» ғарыштық ракеталық кешенін құру бойынша Ресеймен бірлескен жобасынан өз жоспарлы шешімін тапты.

«Байтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ осыған аттас жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысының бас операторы болып табылады, оны құруға «М. В. Хруничев ат. МҒҒӨО» ФМБК ресейдің жетекші ғарыштық кәсіпорыны және бірнеше қазақстандық өндірістік компаниялар ат салысты.

«Бәйтерек» БК, АҚ миссиясы қазақстандық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру, ғарышқа тәуелсіз қолжетімдік алу, ұлттық ғарыш саласының негіздерін қалыптастыру және отандық білікті инженерлік-техникалық кадрлар дайындау үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатын «БӘЙТЕРЕК» ҒРК жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысын және оны әрі қарай пайдалануды үйлестіру болып табылады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміз жер серіктерін ғарышқа ұшыра бастады. Соның бірі - «ҚазСат-2».  

«ҚазСат-2» қазақстандық жасанды жерсерігі – Қазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктерінің екіншісі. Ғарыш аппараты Қазақстанның аумағындағы спутниктік байланыс (интернет, желілі телефон және ұялы байланыс) пен телехабар тарату, ақпарат пен деректер алмасу жұмыстарына пайдаланылады. Жасанды жерсерігін жасауды Ресейдің М.В.Хруничев атындағы ғарыштық-ғылыми өндірістік орталығы мойнына алған болатын. «ҚазСат-2»-ге қатысты келісімшарт 2006 жылы жасалып, ол бойынша қазақстандық жасанды жерсерігі 2009 жылдың желтоқсан айында ұшырылуы көзделген еді. Алайда техникалық жағынан жақсы жарақталмаған және біраз өзгерістерді қажет еткен ғарыш аппаратын ұшыру кейінге шегеріліп, «ҚазСаттың» сәтті күні 16 шілдеге дөп келді. Құрдымға кеткен «ҚазСат-1»-дің құны 65 млн доллар болса, «ҚазСат-2»-ге мемлекет қазынасынан 115 млн доллар бөлінді.* «ҚазСат-2» 2011 жылдың шілденің 16 күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тен 16 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңынан көкке самғап, ғарыш орбитасына сәтті көтерілді. «Протон-М» зымырантасығышы арқылы «ҚазСат-2» спутнигімен қатар, ғарыш кеңістігіне америкалық «ОС-2» телекоммуникациялық жерсерігі де жеткізілді. Ғарыш аппараты бір айдың ішінде шығыс бойлық бойынша ғарыш кеңістігін кезе жү­ріп 86,5 градустық өз орбитальдық нүк­те­сіне жетуі тиіс. Содан кейін барып аппарат жүйесі екі ай бойына сынақтан өткізіледі. Ал 2011 жылдың қазан айында ресейлік мамандар жерсерікті Қазақстанның ғарыш байланысы республикалық орталығының мамандарына тапсырады.

Ең алдымен Қазақстан аумағында сапалы ақпараттық һәм телекоммуникациялық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін табады. Бұл ретте қазақстандық аппарат Қа­зақстан, Орталық Азия мен Ресейдің біршама аумағына арзан әрі сапалы байланыс түрлеріне өз пайдасын тигізбек. Мәсе­лен, бүгінгі күні елдегі хабар тарататын телеарналар мен байланыс операторлары бағасы жағынан айтарлықтай қымбат шетелдік жерсеріктеріне жүгініп келеді. Тұң­ғыш «ҚазСат-1» жерсерігі сәтсіздікке ұшыр­ғаннан кейін отандық операторлар шетелдік спутниктік қызметті пайдалануға мәжбүр болған. Ендігі күні отандық әм шеттегі операторлар біртіндеп өзіміздің спутниктің жемісін көре бастайды. Ендеше, «ҚазСат-2» сәтті самғауы, айналып келгенде, жергілікті халыққа да тиімді. Бұл ретте отандық ғарыш кемесі елдің барлық тұрғындарына көрсетілетін ақпараттық қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни интернет, желілі телефон, телехабар тарату сияқты байланыс түрлерінде технологиялық әм сапалы қадам жасалады, тариф төмендейді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында бір-бірінен қашық орналасқан елді мекендерге сап ң бірден-бір кепілі спутниктік байланыс екенін ғалымдар бұған дейін де айтып келген болатын. Ғарыштық аппарат осы мәсе­лені реттеп бермек. Кабельдік таратуға қо­лы жетпейтін жұрт ғарыштық аппараттың сауабын алады. Техникалық сипатына келсек, «ҚазСат-2»-де қабылдап-жіберетін 20 сигнал жұмыс істесе, оның 16-сы – негізгі, төртеуі қосалқы телехабар таратуға арналады. Қалғандары әртүрлі байланыс жұмыстарына арналған транспондерлер болып отыр.

Сонымен қоса, бұған дейін мыңдаған аппарат қазақ жерінен көтеріліп, ғаламның төріне озып жатса, сол ұлы даланың иесі, Байқоңырдай жер кіндігін ұстаған қазақ неге өзінің жеке жерсерігін ұшырмауы керек?! Оның үстіне Қазақстан үшін өзінің жеке жерсерігінің ғарышта болуы көп айтылып жүрген инновациялық бағыттың бір секірісі іспеттес. Осы арқылы еліміз заман­ға сай ғарыштық-спутниктік технология­ларды игеріп, телекоммуникациялық һәм байланыстық аппаратты басқару саласында жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлауды да жолға қояды. Ендеше, «ҚазСат» – технологиялық тыңғылығы да, заманауи сұранысы да келіскен дүние. Тоқ етері, сериялы «ҚазСат» арқылы Қазақстанның ғарыштық державаға айналуына қарай ойысқан үлкен қадам жасалмақ.

8 мамыр 2013 жыл. «Қазкосмос»-тың өкілі Талғат Мұсабаев өзінің берген мәлімдемесінде: «ҚазСат-2» спутнигінің 64%-ын пайдаланып отырмыз.Сондай-ақ «ҚазСат-3» спутнигін құрастыруға тендер жарияладық,жұмыс жүріп жатыр. Оны ұшыру әрекетін 2014 жылдың бірінші жартысында жасаймыз.Ол 58,5Е гистоцанарлық орбитада жайғаспақ.Қазсат-3 аппараты ұшырылысымен Түрікменстан,Қырғызстан сияқты Орта Азия мемлекеттеріне қызмет көрсете бастайды деп жоспарлануда.