«Сыбаға» мал шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан бері қызылордалық шаруалар несиелік қаржыға 10 мың бас мал сатып алды.
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бағдарлама төрт жылдан бері іске асырылып келеді. Шаруаларға ірі қара сатып алатын қаржыны «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ беруде», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Далдабаев.
Жыл басынан бері өңір шаруалары Солтүстік Қазақстаннан 77 миллион теңгеге 439 ірі қара мал әкелді.
«Сонымен қатар аграрлық құрылымдар «Ырыс», «Алтын асық» секілді мал шаруашылығын қолдау бағдарламаларына қатысуда. Айтак кткен жөн, алдағы уақытта малмен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артпақ. Өйткені өңірде жем-шөп өндіру жүйесі жолға қойылып жатыр. Таяуда ғана құрама жем зауыты іске қосылды», - деп түйіндеді Ғ.Далдабаев.
«Сыбаға» - ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы. Мемлекеттің ауыл халқына өз шаруашылығын бастап, дамытуға қомақты көмек көрсететіні белгілі. Қолдау көрсету барысында әр түрлі бағдарламалар қабылданып, іске асырылады. Қабылданған бағдарламалар ішінде «Сыбаға» бағдарламасы ауыл адамдарының үлкен назарына ілікті. Бағдарлама жұмысы 2011 жылы бастау алып, бағдарлама бойынша асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың сиырларын және тұқымдық бұқа сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге ставкасы – жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріледі. Қарыз алушыларға төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының болмауы, малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты және басқа да талаптар қойылады.
Осы бағдарламаны іске асыру барысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ үлкен жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда осы қордың Қарағанды облысындағы филиалына өз бизнесін бастау немесе дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алуға өтінішпен келетін жеке азаматтар мен шаруа қожалықтары аз емес.
2011 жылы бағдарлама бойынша барлығы 45 шаруа қожалығына 218 млн. теңге сомасында несие берілген. Аталған қаржыға 1388 сиыр және 25 асыл тұқымды бұқа сатылып алынды.
2012 жылдың 1 маусымына облыс бойынша Қорға 39 шаруа қожалығынан 241,1 млн. теңгенің өтініші түсті, соның ішінде 200,20 млн. теңге құрайтын 36 өтініш қарастырылып, қаражат берілді.
Жалпы, несие алған шаруа қожалықтары жасаған бастамаларына өкінбейтіндіктерін, «Сыбаға» бағдарламасы көздеген мақсатқа жетудің, дамудың тиімді жолы екендігін айтады.
Енді бір айта кететін жай ол осы бағдарламадан 2011-2012 жылдары алған шаруа қожалықтарына келесі бағыттар бойынша субсидия беріледі:
Аналық ірі қара мал үшін:
етті бағыттағы ірі қара мал басының (сиырлар және құнажындар) сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізумен (ұйымдастырумен) байланысты шығындардың құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандатуға;
Норматив бойынша бір ірі қара малға – 12 мың теңге.
аналық ірі қара мал басына күрделі азық дайындау жұмыстарын жүргізумен (ұйымдастырумен) байланысты шығындардың құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандатуға; Норматив бойынша бір ірі қара малға – 4,5 мың теңге.
Барлығы әрбір аналыққа - 16,5 мың теңге.
Бұқа үшін:
Еттік бағыттағы асыл тұқымды бұқа сатып алу құнының 50% артық емес,
бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды.
Мысалы: Егер шаруа қожалығында 30 бас ірі қара мал (сиыр) болса және ол 1 асыл тұқымды еттік бағыттағы бұқа сатып алса, шаруашылық 602 000 теңге субсидия алады: (30 сиыр*12000 теңге)+(30 сиыр*4500 теңге))=495 000 теңге + 107 000 теңге (1 бұқа сатып алғаны үшін)=602 000 теңге (Асыл тұқымды әрбір бұқаның орташа бағасы 600-650 мың теңгені құрайды).
Субсидия беру талаптары:
1.Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасына қол жеткізу үшін мынадай негізгі талаптарға сәйкес болуы қажет.
Шаруашылықта бұқа болуы керек. Ондағы 30 бастан аспайтын сиырға 1 асыл тұқымды бұқадан келеді.
Сондықтан, сатып алынған бұқа шаруашылықта 2 маусымда ғана пайдаланылуы керек. Екі жылдан соң бұқа басқа фермерлік шаруашылықпен айырбасталады немесе етке өткізіліп, қосымша кіріс алынады.
Келешекте табынның әрқашан өнімділігін сақтап қалуын жалғастыруы үшін сатып алынатын бұқалар осы тұқымға сәйкес болуы керек.
Бұл үшін Сіздер ауылдың аймақтық мал дәрігері мамандарына жолығып, малдың құжаттарындағы, сырғаларындағы нөмірлері «АШМС» мәлімет базасымен сәйкес келетіндігін тексерулеріңіз қажет.
Субсидия және кеңес алу үшін Сіздер аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш берулеріңіз керек. Сөйтіп, еттік мал шаруашылығымен айналысқан әр фермерлік шаруашылық жоғарыда талданған үш талапты орындаған жағдайда субсидия ала алады.