Қазақстандық «KazKioti» трактор құрылысы компаниясы «Қазақстан инжинирингпен» бірге «ВМС» түрік компаниясының бронетехникасын лицензиялық өндіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Қару-жарақ сатуға әлемдік мониторинг орталығы (ЦАМТО) «KazKioti» бас директоры Б. Маматовқа сілтеме жасап.
Жобаға құйылған алғашқы инвестиция 30 млн. долларды құрады. «Бірінші кезеңде кәсіпорын техника жинауды қолға алады, содан соң біртіндеп ұлттық өндіріс құрал-саймандарының үлесін арттырмақ», - деп түсіндірді бас директор.
Аталмыш жоба Түркияның ниеті аясында телекоммуникация, фармацевтикалық, ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібін қоса алғанда, Қазақстан экономикасының түрлі секторларына қатысуын кеңейтуді көздейді. Түркия мен Қазақстан Үкіметі сауда айналымын 2014 жылғы 3,3 млрд доллардан орташа перспективада 10 млрд долларға жоспарлы ұлғайтуды болжап отырғандығын мәлімдеді.
Түркия мен Қазақстан қазірде әскери-техникалық салада бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Бұдан бұрын Қазақстан «Отокар» (Otokar) компаниясының 10 «Кобра» бронды көліктерін сатып алды. Түріктің «Аселсаны» (Aselsan) 2013 жылы электрондық-оптикалық жүйе мен Қазақстанның ӘК түнде жарықтандыру жүйесін өндіру үшін «Қазақстан инжиниринг» - «Қазақстан Аселсан инжинирингпен» бірлескен кәсіпорын құрды.
Түріктің «ВМС» компаниясының бірлескен жобаларының перспективалары әзірге анық емес екенін атап өткен жөн, себебі Қазақстан нарығы аталған сегментте аса қанық. Сонымен, 2013 жылы оңтүстік африкалық «Топ парамаунт» Қазақстанда дөңгелекті әскери бронды автомобиль өндірісін құру ниетін мәлімдеген.
«Қазақстан инжиниринг» бронды техника үлгілерін бірлесіп әзірлеу аясында ресейлік «Оралвагонзауыты» корпорациясымен де тығыз ынтымақтастатын болады.