$ 498.51  522.84  4.81

Құрылыс компаниясына үлескерлер наразылығын білдірді

«Азбука жилья» құрылыс компаниясының жүз шақты үлескерлері бүгін Астанадағы компания ғимаратының алдына жиналып, наразылық шарасын өткізді.

Олар компанияның басшысы алдарына шығып, не себепті құрылыс жұмыстары жүрмей тұрғанын түсіндіріп беруді талап етті. Алайда, компания басшысы олармен жүздесуге келмеді. Өзін «Азубка жилья» компаниясының халықпен жұмыс бөлімінің басшысымын деп таныстырған Мұхамедияр Омаров «басшыларының қайда жүргенін білмейтінін» және «журналистердің сұрақтарына жауап бермейтінін» айтты. 

Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Доланбеков Азаттыққа «Азбука жилья» үлескерлеріне қатысты дауды қалалық әкімдік біліп отырғанын, мәселені шешу жолын іздеп жатқандарын хабарлады.

– «Азбука жилья» компаниясының құрылыс жүргізуге лицензиясы бар. Ал, үлескерден ақша жинауға рұқсаты жоқ болатын. Оларға ақшаларын сеніп тапсырған үлескерлердің де кінәсі бар бұл жерде. Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Сондықтан, үлескерлердің өздері де мәселеге жауапты,- дейді  Доланбеков.    

 Үлескерлердің белсенді тобы ұсынған ақпарат бойынша, «Азбука жилья» компаниясы салуы тиіс  8 тұрғын үй кешенінің жұмысы көктемнен бері тоқтап тұр. Бұл құрылыс нысандарына ақша салғандардың саны – 4080 адам. 

Ақпарат Азаттық радиосынан алынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары