$ 442.05  474.14  4.74

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді, - деп хабарлайлы khabar.kz

Сауапты шараға осы елдегі мұсылман қауымы шақырылған. Ауызашарға мемлекет басшысының өзі қатысты. Ол келгендерге алғысын айтып, әлемдегі және АҚШ-тағы соңғы оқиғаларды ескергенде, мұндай басқосудың маңызы ерекше екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Обама Чарльстон қаласында африкалық шіркеуге шабуыл жасалғанын және қақтығыс құрбанына айналған миллиондаған адамның аш-жалаңаш жүргенін айтты.

"Ақ үйде жылда ауызашар берілетін мына дастархан әлемдегі 1,5 миллиард мұсылманға құрмет көрсету үшін жайылады. Біз тіліміз бен түріміз, дініміз мен діліміз әртүрлі болса да, үлкен бір отбасымыз. Қарулы қақтығыстар мен басқа факторлар салдарынан жапа шеккен, әсіресе, аштық пен кедейшілік жайлаған елдерде тұрса да, ауыз бекіткендер үшін дұға қылайық", - деді АҚШ президенті Барак Обама.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары